Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

23-бап. Электрондық еңбек биржасы

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Электрондық еңбек биржасы – осы Кодекске сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін ақпараттандыру объектісі.
2. Электрондық еңбек биржасын қолдап отыруды және оған жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жүзеге асырады.