СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

24-бап. Отбасының цифрлық картасы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Отбасының цифрлық картасы – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған, отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік саламаттылығының деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік беретін талдамалық шешім.
2. Отбасының цифрлық картасының мәліметтері осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау шараларына әлеуетті мұқтаж адамдарды (отбасыларды) айқындау, оның ішінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың проактивті мемлекеттік қызметтер көрсетуі үшін негіз болып табылады.
3. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-24/