Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
243-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға:
1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар);
5) 01.01.2024 дейін қолданылды - осы Кодекстің 263-бабы 3-тармағымен;
6) осы Кодекске сәйкес жеке көмекшілер;
7) осы Кодекстің 101-1-бабында аталған, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
8) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар жатады.
Осы Кодекстің 207-бабында көзделген жасқа толған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.
Осы баптың күші қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс алып келетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-243/