СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

244-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Осы Кодекстің 102-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеушілер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына Қорға төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. 01.01.2024 дейін қолданылды - осы Кодекстің 263-бабы 3-тармағымен.
3. Бірыңғай төлем құрамында әлеуметтік аударымдарды төлеуді таңдаған салық агенттері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,2 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 822-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі: 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 16,0 пайызды; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,9 пайызды; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 18,9 пайызды; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 18,1 пайызды; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайызды; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,1 пайызды құрайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-244/