Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
251-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі
1. Жұмыс берушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары агенттің, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскерлердің ай сайынғы табысынан:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап –
егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
2. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табыс осы Кодекстің 249-бабына сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте, осы Кодекстің 101-1 және 102-1-баптарында аталған адамдардың кірісін қоспағанда,
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
3.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жалақыдан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 6,95 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19,0 пайызды құрайды.
4. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы төлейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-251/