Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
252-бап. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Ерікті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары – жеке тұлғалар ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан кезде ол өз пайдасына өз кірісі есебінен енгізеді.
2. Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқылы.
3. Жеке және заңды тұлғалар алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары бола алады.
4. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен оларды төлеудің мерзімділігін ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы өзі дербес айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-252/