СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

253-бап. Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтеудің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасасқан келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-253/