СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

259-бап. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторлары, уәкілетті органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы – уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
2) мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторлары – уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы – уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды адам;
4) мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары – уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды адамдар жатады.
3. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес берілген бақылау функцияларын іске асырады.
4. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторына қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
5. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының нұсқамаларын бақылау субъектілері орындауға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-259/