СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

260-бап. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтардан басқа:
1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
2) тексеру субъектілерінен өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті түсініктемелерді сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.
2. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы тексеру нәтижелері негізінде бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, олардың профилактикасы, оларды болғызбау, жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығаруға құқылы.
3. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 3-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:
1) тексеру нәтижелері бойынша уақтылы шаралар қабылдауға және әлеуметтік қорғау саласында бұзушылық фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген ден қою актілерін шығаруға;
2) әлеуметтік жұмыскер біліктілік талаптарына және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, өздеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда әлеуметтік жұмыскерді жұмыстан уақытша шеттету туралы нұсқама шығаруға;
3) арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін фактілер анықталған жағдайда тексерілетін субъектінің лауазымды адамдары мен жұмыскерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы нұсқама шығаруға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-260/