СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

58-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, бірыңғай

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы айына зейнетақы активтерінің 0,08 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын, 0,04 еселенген айлық есептік көрсеткіштің және тиісті күнтізбелік айдың 1-і күнгі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоттары санының көбейтіндісі ретінде айқындалатын шамадан аспайтын болып белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 2,0 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 15 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақысын өндіріп алу тәртібі және оның шамасы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленеді.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы жыл сайын бекітеді. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасын осы ұйымның басқарушы органы жыл сайын бекітеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы жылына бір реттен жиі өзгертілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-58/