Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
7-бап. Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі
ынтымақтастығы және ұжымдық жауапкершілігі
1. Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қорғау саласындағы ортақ жауапкершілігі өмір сапасы, әлеуметтік әл-ауқат, сондай-ақ әлеуметтік тәуекелдерді төмендету үшін жауапкершілікті тепе-тең бөлу арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру шараларын бюджет қаражаты, міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қаржыландыру көздері есебінен іске асыруға бірлесіп қатысады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-7/