СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

8-бап. Экономикалық ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

әділдігі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттеріне мөлшерлестігі
1. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде экономикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде жария және ашық болуға тиіс.
2. Мемлекеттік органдар әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі мүдделерінің әділ теңгерімін, сондай-ақ экономикалық ресурстар мен әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттерінің мөлшерлес болуын қамтамасыз етеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-8/