Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
83-бап. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және бала бір жарым жасқа толғанға дейін кері оралған, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыға Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
3) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратыны және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу оны алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
5) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
6) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыда шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
7) алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі.
2. Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу ақпараттық жүйелерден алынған, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің бала күтіміне байланысты жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
4) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-83/