Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

82-бап. Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының мөлшері

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен ай сайын мынадай: бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға – 7,85 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
2. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.