Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
93-бап. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығы
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
«Мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығын пайдаланады.
2. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растайтын құжаттар болған кезде жүгінген күннен бастап ағымдағы ай үшін және осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталатын кезеңге жүргізіледі.
3. Наградталған анаға берілетін жәрдемақының есепке жазылған, алушы уақтылы талап етпеген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға жүгіну алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-93/