Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

94-бап. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы мөлшері

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай: «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 айлық есептік көрсеткіш; «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
2. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.