Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О согласовании предоставления права временного возмездного долгосрочного землепользования (аренда) на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «Tazagul Construction» на месторождение «Майлысорское» в административных границах Донского сельского округа

Қаулы · № а-8/149 · қабылданған 21.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/tazagul-construction/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О согласовании предоставления права временного возмездного долгосрочного землепользования (аренда) на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «Tazagul Construction» на месторождение «Майлысорское» в административных границах Донского сельского округа Қолданыста 21.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О согласовании предоставления права временного возмездного долгосрочного землепользования (аренда) на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «Tazagul Construction» на месторождение «Майлысорское» в административных границах Донского сельского округа

Қолданыста Қаулы № а-8/149 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О согласовании предоставления права временного возмездного долгосрочного землепользования (аренда) на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «Tazagul Construction» на месторождение «Майлысорское» в административных границах Донского сельского округа
Атауы (қаз.)
Донской ауылдық округінің әкімшілік шекараларындағы «Майлысор» кен орнында «Tazagul Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер теліміне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалға алу) құқығын беруді келісу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
а-8/149
Қабылданған күні
21.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
21.08.2026 I230040_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26BJ08149A
ЭКБ идентификаторы
230040
Редакция идентификаторы
I230040_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:04
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Донской ауылдық округінің

әкімшілік шекараларындағы
«Майлысор» кен орнында
«Tazagul Construction»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне жер теліміне
уақытша өтеулі ұзақ мерзімді
жер пайдалану (жалға алу)
құқығын беруді келісу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Біржан сал ауданы әкімдігі жанындағы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 22 маусымдағы № 14 шешімі, 2025 жылғы 13 ақпандағы № 66 кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия, «Біржан сал ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 16 шілдедегі № KZ01VBG01800535 бұйрығымен бекітілген жер орналастыру жобасы негізінде Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Tazagul Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Донской ауылдық округінің әкімшілік шекараларында, «Майлысор» кен орнында, жер қойнауын пайдалану (әктас өндіру) мақсаттары үшін ауданы 4,3 га жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалға алу) құқығын 2035 жылғы 12 ақпанға дейінгі мерзімге беру келісілсін.

2. Жер учаскесі бөлінеді.

3. Жер учаскесі үшін жылдық жалдау ақысы жер учаскесі бойынша жер салығы сомасының 120 % мөлшерінде белгіленсін. Төлеу тәртібі, мерзімдері, мөлшері, тараптардың құқықтары мен міндеттері жер учаскесін жалдау шартында белгіленеді.

4. Жер учаскесіне келесі шектеулер мен ауыртпалықтар белгіленсін:

1) санитарлық-экологиялық нормаларды және тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану нормаларын сақтау;

2) уәкілетті органдардың, іргелес жер пайдаланушылардың жерасты және жерүсті коммуникацияларын салу және пайдалану үшін кедергісіз өтуі мен қол жеткізу.

5. Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Tazagul Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалға алу) құқығын беруге келісу материалдарын «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жіберсін.

6. «Заозерное ауылының әкімшілік шекараларындағы «Майлысор» кен орнында «Tazagul Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер телімдеріне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беруді келісу туралы» Біржан сал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № а-4/62 қаулысының күші жойылсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.