Об установлении публичного сервитута на земельный участок для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых частной компанией Teniz Resources Ltd
Қолданыста
Қаулы
·№ А-5/194
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельный участок для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых частной компанией Teniz Resources Ltd
- Атауы (қаз.)
- Teniz Resources Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/194
- Қабылданған күні
- 15.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2025 210634_758866.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25BL05194A
- ЭКБ идентификаторы
- 210634
- Редакция идентификаторы
- 210634_758866
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:23
0 Teniz Resources Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының аумағында орналасқан 01-275-059-134, 01-275-059-148 кадастрлық нөмірлері бар жалпы ауданы 2777 гектар жер учаскесіне және ауданның запастағы жерлеріне Тeniz Resources Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 5 қаңтарға дейінгі мерзімге жер учаскесін алып қоймай, жария сервитут белгіленсін.