Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «TNS-Plus» для эксплуатации и обслуживания волоконно-оптической линии связи «Караганда-Павлодар-Семей-Усть-Каменогорск» на территории Бескарагайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «TNS-Plus» для эксплуатации и обслуживания волоконно-оптической линии связи «Караганда-Павлодар-Семей-Усть-Каменогорск» на территории Бескарагайского района
- Атауы (қаз.)
- «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Бесқарағай ауданының аумағында «Қарағанды-Павлодар-Семей-Өскемен» талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут орнату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 19.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.06.2020 144227_468765.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VG007237
- ЭКБ идентификаторы
- 144227
- Редакция идентификаторы
- 144227_468765
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:59
0 «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
Бесқарағай ауданының аумағында
«Қарағанды-Павлодар-Семей-Өскемен» талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін
қауымдық сервитут орнату туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулыға қосымша бойынша, «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Бесқарағай ауданының аумағында «Қарағанды-Павлодар-Семей-Өскемен» талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін жалпы көлемі 60,2 гектар жер телімдеріне қауымдық сервитут 49 жыл мерзімге орнатылсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) аумақтық әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3 3) оның ресми жариялануынан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж. Баталовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қауымдық сервитут орнатылған жер телімдерінің тізбесі (шектеулі нысаналы пайдалану құқығы)
Бесқарағай аудандық әкімдігінің қаулысына
2020 жылғы 19 маусымы
№ 170 қосымша
Қауымдық сервитут орнатылған жер телімдерінің тізбесі (шектеулі нысаналы пайдалану құқығы)