ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

16-бап. Цифрлық деректер

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық нысанда берілген және оны алу тәсіліне және цифрлық ұсыну нысанына қарамастан автоматтандырылған және (немесе) талдамалық жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға, беруге, таратуға немесе алып тастауға жарамды ақпарат цифрлық деректер болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, цифрлық деректер еркін құрылуы, жиналуы, сақталуы, өңделуі, пайдаланылуы және берілуі мүмкін.
3. Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін «цифрлық үкімет» операторына (бұдан әрі – оператор) цифрлық деректерге және цифрлық жазбаларға рұқсат береді.
4. Мемлекеттік құпияларды, қызметтік немесе құпия ақпаратты, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қамтитын цифрлық деректерді басқару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар мен ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-16/