ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

37-бап. Цифрлық деректер субъектілері

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық деректер субъектісі – цифрлық ортада өңделетін цифрлық деректер жататын және осындай цифрлық деректерді пайдалана отырып сәйкестендірілуі мүмкін жеке немесе заңды тұлға.
2. Дербес деректері өздеріне қатысты жеке тұлғалар дербес деректер субъектілері болып табылады.
3. Дербес деректер цифрлық деректер субъектісінің келісімімен не Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда ғана өңделуі немесе берілуі мүмкін.
4. Цифрлық деректер субъектісі өзінің цифрлық деректерін қалыптастыруға және пайдалануға байланысты туындайтын өзінің жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ оларға қол жеткізуді, бақылауды, алып тастауды, өңдеуді шектеуді, сондай-ақ цифрлық деректерді өңдеудің мақсаттары, құқықтық негіздері мен тәсілдері туралы ақпарат алу құқығын қоса алғанда, осы цифрлық деректерге қатысты құқықтарын қорғауға құқығы бар.
5. Көрсетілген құқықтарды іске асыру цифрлық деректер субъектісінің жеке басы не оның өкілінің өкілеттіктері расталған кезде, сондай-ақ тиісті цифрлық деректердің осындай субъектіге тиесілігі расталған кезде жүзеге асырылады.
6. Цифрлық деректер субъектілерінің құқықтарын іске асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-37/