ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

38-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері осындай цифрлық объектілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында және шарттың талаптарында көзделген меншік құқығына немесе өзге де құқықтарға ие болады.
2. Цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері:
1) дербес деректер мен құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) цифрлық деректер мен цифрлық объектілерге заңсыз қол жеткізуді, көшіруді, өзгертуді немесе алып тастауды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Цифрлық объектілерге құқықтарды беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Кодексте және шарттың талаптарында көзделген негіздерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде цифрлық объектіні құру, пайдалану немесе оған билік ету кезінде оның заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан келтірілген зиян үшін жауапты болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-38/