ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

43-бап. Цифрлық орта субъектілерінің алгоритмдік жүйелер мен толық автоматтандырылған шешімдерді пайдалану кезіндегі құқықтары

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Алгоритмдік жүйе – жасанды интеллект жүйелерін қоса алғанда, деректерді автоматтандырылған түрде өңдеу негізінде шешімдер қабылдайтын немесе қабылдауға әсер ететін цифрлық жүйе.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген белгілер бойынша кемсітушілікті қоса алғанда, алгоритмдік жүйелерді пайдалана отырып қабылданатын шешімдер кемсітушілікке алып келмеуге тиіс.
3. Қабылдануы адамның мән-жайларды бағалауға не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімде көзделген жағдайларда нәтижені бекітуде адамның қатысуынсыз жүзеге асырылатын шешім толық автоматтандырылған шешім деп танылады.
4. Өзіне қатысты толық автоматтандырылған алгоритмдік жүйе қабылданатын субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен:
1) алгоритмдік жүйені қолдану фактісі туралы ақпарат алуға;
2) алгоритмдерді, бастапқы кодты немесе заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді ашпай шешімге әсер еткен негізгі факторлар мен өлшемшарттардың түсіндірмесін алуға;
3) егер шешім заңды салдарларға алып келетін болса не адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне ықпал етуге қабілетті болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәкілетті маманның (мамандардың) қатысуымен шешімді қайта қарауды талап етуге құқылы.
5. Алгоритмдік жүйелерді, толық автоматтандырылған шешімдерді қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-43/