ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

44-бап. Цифрлық ортада құқықтардың туындауы, жүзеге асырылуы және тоқтатылуы

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық жазбаларда көрсетілген заңдық маңызы бар фактілер цифрлық ортада құқықтық қатынастардың туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері болып табылады.
2. Цифрлық ортадағы құқықтық қатынастар цифрлық объектілерді құруға, алуға немесе пайдалануға және іс-әрекеттер жасауға байланысты, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда туындайды.
3. Цифрлық ортада туындаған құқықтық қатынастар қатысушыларды сәйкестендіруді, олардың ерік білдіруін растауды және заңдық маңызы бар фактілерді тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
4. Цифрлық ортадағы құқықтық қатынастардың тоқтатылуы міндеттемелерді орындау, цифрлық объектіні жоғалту, құқықтың қолданылу мерзімінің аяқталуы не осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында немесе шартта белгіленген өзге де заңдық маңызы бар фактілер нәтижесінде туындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-44/