ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

45-бап. Цифрлық деректер сәйкестендіргіштері

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Сәйкестендіргіштер және оларды қамтитын цифрлық жазбалар осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес өңделеді.
2. Қазақстан Республикасында мыналар бірегей сәйкестендіргіш болып табылады:
1) жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер) үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
3. Мемлекеттік цифрлық объектілерде пайдаланылатын сәйкестендіргіштер, сондай-ақ әртүрлі иегерлердің цифрлық объектілері арасында цифрлық жазбаларды алмасу үшін қолданылатын сәйкестендіргіштер жария сәйкестендіргіштер деп танылады.
4. Жеке цифрлық ресурстарда немесе шектеулі цифрлық жүйелерде ғана пайдаланылатын сәйкестендіргіштер жеке сәйкестендіргіштер болып танылады.
5. Цифрлық жазбаға қосу үшін сәйкестендіргіштерді таңдауды:
1) цифрлық жазбалардың иегері дербес деректер субъектісі туралы деректерді жинау кезінде дербес деректер субъектісі;
2) иегердің өзі цифрлық деректерді жасаған кезде, оның ішінде сәйкестендіргіш жасалған немесе берілген кезде цифрлық жазбалардың иегері;
3) дербес деректер субъектісінен алынбаған цифрлық деректердің цифрлық жазбаларын иегеріне беру кезінде үшінші тұлға жүзеге асырады.
6. Цифрлық жазбалардың иегері өзінің цифрлық объектісі шегінде пайдаланылатын сәйкестендіргіштердің бірегейлігі мен дәйектілігін, сондай-ақ цифрлық объектілер арасында цифрлық жазбаларды алмасу кезінде олардың дұрыс салыстырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-45/