ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

55-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Куәландырушы орталық мынадай функцияларды орындайды:
1) электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын береді;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын береді, сақтайды, кері қайтарып алады;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын қолдану саясатын бекітеді;
4) уәкілетті орган бекітетін электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес электрондық құжатта электрондық цифрлық қолтаңбаның болған кезін растайтын уақыт белгісінің сервисін өтеусіз негізде береді;
5) кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының тізімі сервисін және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының кері қайтарып алу мәртебесін тексеру онлайн-сервисін өтеусіз негізде береді;
6) қолданыстағы және кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын есепке алуды жүзеге асырады;
7) пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасының сертификаттарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығына кері қайтарып алу туралы ақпаратты ұсынады;
8) электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен қол қойылған, электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын иегерінен түскен сұрау салу бойынша кері қайтарып алуды жүзеге асырады.
2. Куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық кілттерінің және жабық кілттерінің жоғалуын, модификациялануын немесе қолдан жасалуын болғызбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
3. Куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарының иегерлері туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ашады.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
6. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының көшірмелері уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады.
7. Куәландырушы орталықтарда кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының сақталу мерзімі кері қайтарып алынған күннен бастап кемінде бес жылды құрайды.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен архивтік сақтауға түседі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-55/