ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

56-бап. Куәландырушы орталық қызметінің тоқтатылуы

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
2. Өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда куәландырушы орталық қызметі тоқтатылғанға дейін күнтізбелік тоқсан күн бұрын ол қызмет көрсететін цифрлық жүйелердің барлық қатысушыларын және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
3. Куәландырушы орталықтың қызметі тоқтатылған кезде ол берген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары және электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегерлері туралы мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегерімен келісу бойынша басқа куәландырушы орталықтарға беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары және басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері өз қолданысын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-56/