ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

71-бап. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы – цифрландыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында мемлекеттің цифрлық объектілері, мемлекеттің цифрлық архитектурасы, платформалық бағдарламалық өнімдер туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға арналған цифрлық объект.
2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды іске асыруға және мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де ұйымдар цифрлық объектілер мен олардың техникалық құжаттамасы туралы мәліметтерді орналастырады, мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес оларды есепке алуды және жаңартып отыруды жүргізеді.
3. Цифрлық объектіге техникалық құжаттаманың тізбесі мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларында айқындалады. Техникалық құжаттама цифрлық объектіге арналған құжаттама жиынтығы болып табылады, оның негізінде цифрлық объектіні құру және дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан цифрлық инфрақұрылымда жұмыс істейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-71/