ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

72-бап. Архитектуралық-үйлестіруші орталық

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Архитектуралық-үйлестіруші орталық – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға. Архитектуралық-үйлестіруші орталық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару процестеріне қатысатын өзге де ұйымдардың цифрлық архитектурасының тұтастығын, үйлесімділігін және тиімділігін қамтамасыз етеді.
2. Архитектуралық-үйлестіруші орталық:
1) цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыруды, дамытуды және іске асыруды мониторингтеуді жүзеге асырады;
3) мемлекеттің цифрлық архитектурасын дамытуды және мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясын ұйымдастырушылық-әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4) процестердің реинжинирингіне сараптаманы жүзеге асырады;
5) «смарт-қалаларды» және «смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістемені әзірлейді;
6) цифрландыру саласында инвестициялық ұсынысқа, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаға сараптама жүргізеді;
7) уәкілетті органға цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабына сараптамалық қорытынды береді;
8) цифрландыруды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді және мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды сүйемелдейді;
9) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
10) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру және дамыту, цифрлық деректерді, жасанды интеллектіні басқару, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде жобалық басқару барысында мемлекеттік органдарға консультациялық, әдіснамалық және практикалық көмек көрсетеді;
11) мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінің мәліметтерін және техникалық құжаттамасын есепке алуды жүзеге асырады;
12) «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінде қамтылған толық емес және жаңартылмаған мәліметтерді анықтау бөлігінде олардың интеграцияларын талдауды жүзеге асырады және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
13) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
14) жасанды интеллект саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;
15) мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ өзге де ұйымдар қалыптастыратын деректерге, оның ішінде ашық деректерге талдау жүргізеді;
16) цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық объектілерді құруды және дамытуды ұйымдастырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-72/