Қолданыста
·
09.01.2026 редакциясы
84-бап. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі және оның кезеңдері
ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII
1. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі – оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін жоспарлау, құру, тәжірибелік пайдалану, киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау, өнеркәсіптік пайдалануға беру, дамыту, өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату, модификациялау, архивтеу және есептен шығару кезеңдерінің жиынтығы.
2. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес цифрлық объектінің түріне және оны пайдалану ерекшеліктеріне байланысты кезеңдердің барлығын немесе бір бөлігін қамтуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-84/