ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

85-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін жоспарлау,

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

құру және дамыту
1. Жоспарлау – цифрлық объектінің қолданыста болу циклінің бастапқы кезеңі, ол оны құру қажеттігін негіздеу, цифрлық объектіні іске асырудың мақсаттарын, талаптарын, ресурстары мен шарттарын айқындау бойынша жұмыстар жиынтығын қамтиды. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін жоспарлау ағымдағы процестерді талдаудан, нормативтік құқықтық актілердің цифрлық сараптамасынан, жаңа процестерді жобалаудан тұратын процестердің реинжинирингін қамтиды және уәкілетті орган бекітетін цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін жоспарлау, құру және дамыту кезінде әзірленген нормативтік-техникалық құжаттамаға, сондай-ақ «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қорытындысын алу қажет.
3. Цифрлық объектілерді құру және дамыту Қазақстан Республикасының цифрлық және бюджет заңнамасына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттамаға (мемлекеттік инвестициялық жоба, техникалық тапсырма, бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың өзіндік ерекшелігі, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасының құжаттамасы) сәйкес жүзеге асырылады.
4. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін дамыту оны өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
5. Осы бап Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілеріне қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-85/