Қолданыста
·
09.01.2026 редакциясы
87-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру
ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру уәкілетті орган мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қатысуымен тәжірибелік пайдалану оң аяқталған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде:
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
2) цифрлық ресурстар істен шыққан немесе бүлінген жағдайда оларды сақтау, қорғау, қалпына келтіру;
3) цифрлық ресурстарды резервтік көшіру және олардың уақтылы жаңартылып отыруын бақылау;
4) мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне жолданымдар туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке алу, сақтау және мерзімдік архивтеу;
5) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін сүйемелдеу;
6) «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымын техникалық қолдау;
7) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
8) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (алып тастау);
9) өнім берушінің кепілдік мерзімі кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісіне кепілдендірілген қызмет көрсетуі. Кепілдендірілген қызмет көрсету «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімде қамтамасыз етіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-87/