ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

88-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Модификациялаудың жиынтық құны мемлекеттік инвестициялық жобаны құру кезінде онда белгіленген «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің бастапқы сметалық құнының жиырма пайызынан аспайтын жағдайда, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес инвестициялық ұсынысты немесе бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеуді талап етпейтін жұмыстарға жатады.
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылуы мүмкін:
1) модификациялаудың техникалық тапсырмаға немесе техникалық тапсырмаға толықтыруларға сәйкестігі;
2) жүргізілетін жұмыстардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
3) уәкілетті органның модификациялауды жүргізуге келісімінің болуы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-88/