О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Turar Healthcare»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Turar Healthcare»
- Атауы (қаз.)
- «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 723
- Қабылданған күні
- 30.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2023 147956_651340.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000723
- ЭКБ идентификаторы
- 147956
- Редакция идентификаторы
- 147956_651340
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:00
0 «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (01.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (01.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
3 3) қоғам қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (01.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4 4. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің теңгеріміндегі республикалық мүлік акцияларын төлеуге беру есебінен қалыптастырылсын.
5 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) қоғам жарғысын бекітуді;
2 2) қоғамның атынан құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және Қоғам органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаларды сайлауды;
3 3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;
5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
6 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с
№
Мүліктің атауы
Орналасуы
Өлшем бірлігі
Алаңы
Кадастрлық нөмірі
1
Ғимараттар мен құрылыстар – А литері -жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты
Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3
ш.м.
24 916,4
21:320:097:986:3/А
2
Ғимараттар мен құрылыстар – К литері -қазандық
ш.м.
281,4
21:320:097:986:3/К
3
Ғимараттар мен құрылыстар – Ж литері - су қоймасы
ш.м.
108,1
21:320:097:986:3/Ж
4
Ғимараттар мен құрылыстар – Л литері- өте беріс
ш.м.
28,0
21:320:097:986:3/Л
5
Ғимараттар мен құрылыстар – Е литері- трансформаторлық кіші станция
ш.м.
135,6
21:320:097:986:3/Е
6
Ғимараттар мен құрылыстар – Д литері- оттегі үшін құрылыс
ш.м.
72,9
21:320:097:986:3/Д
7
Жер учаскесі
гектар
4,0929
21:320:097:986
_________________________
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-199-жолмен толықтырылсын:
«21-199. «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-25-жолмен толықтырылсын:
«227-25. «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«4. Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-жолмен толықтырылсын:
«16. Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
_________________________