Кіру
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 226-v ·03.07.2014
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

121-1-бап. Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы ұсыныстармен, оның ішінде Интернет желісін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған ұсыныстармен немесе тиісушілікпен ұштасқан сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекеттерді жасау – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-121-1/