Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер –
бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;
4) бірнеше рет жасалған;
5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;
4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3-1. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:
1) олар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
3) оларды қылмыстық топ жасаса, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3-2. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе 3-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) екі және одан көп кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалса;
3) оларды кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде, 3-1-бөлігінің 2) тармағында және 3-2-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса не абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса, –
өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-121/