Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру –
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдiк ниетпен;
9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалған;
10) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
11) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) заңсыз бас бостандығынан айырылған адамды қанау мақсатында жасалса;
2-1) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-126/