Кіру
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 226-v ·03.07.2014
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол іс-әрекет, егер ол:
1) пайдакүнемдiк ниетпен немесе өзге де жеке мүдделілікпен жасалса;
2) адам оларды өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-127/