Кіру
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 226-v ·03.07.2014
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

131-бап. Қорлау

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Көпшiлiк алдында немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-131/