Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
163-бап. Соғыс және қарулы қақтығыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Әскери тұтқындарға немесе азаматтық тұрғындарға қатыгездікпен қарау, азаматтық тұрғындарды депортациялау, оккупацияланған аумақта ұлттық мүлiктi жою немесе тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған құралдар мен әдiстердi қарулы қақтығыста қолдану –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған жаппай жою қаруын қолдану –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-163/