Кіру
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 226-v ·03.07.2014
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

164-бап. Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Оккупацияланған аумақта немесе соғыс қимылдары ауданында қаруын тапсырған немесе қорғану құралдары жоқ, жараланған, ауру, корабль апатына ұшыраған адамдарды, медицина жұмыскерлерін, санитариялық және діни персоналды, әскери тұтқындарды, азаматтық тұрғындарды, соғыс қимылдары уақытында халықаралық қорғауды пайдаланатын өзге де адамдарды қарсы жақтың қарулы күштеріне қызмет етуге немесе қоныс аударуға мәжбүрлеу не олардың тәуелсіз және бейтарап сотқа құқығынан айыру не қылмыстық сот ісін жүргізуде осы адамдардың қорғану құқығын шектеу – үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде тізбеленген адамдарды өлтіру – Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-164/