217-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау, яғни айтарлықтай залал келтіре отырып, ақпаратты жария түрде немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып, адамдарды оған тартуға алып келген жеке және тікелей тарату –
мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет жасалған;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-217-1/