Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

269-1-бап. Күзетілетін объектіге заңсыз кіру

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай залал не елеулі зиян келтірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары мен бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру – екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) ірі залал келтіре отырып;
2) күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп;
3) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған;
4) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет – бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген;
2) қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.