269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу –
мүлкі
тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша;
6) мемлекеттiк органдардың немесе мемлекеттiк мекемелердiң ғимараттарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-269/