Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

350-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Көлiк құралын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлiк жабдығын қасақана қирату, зақымдау немесе өзге де тәсiлмен пайдалануға жарамсыз күйге келтiру, сол сияқты көлiк коммуникацияларын бұғаттау, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге не ірі залал келтiруге не көлiк пен байланыстың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына әкеп соқса, – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер – үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер – алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.