Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

351-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Жолаушының, жаяу жүргіншінің немесе жол жүрісінің басқа да қатысушысының (көлік құралын басқаратын адамнан басқа) жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, – бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.