Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

394-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Көлік құралдарын не қолдан жасалған құжаттар не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына, Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орнын ауыстыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру – шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған не адам өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет – шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе ауыр зардаптарға алып келген іс-әрекет – шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.