395-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
Жұмыс берушінің уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының аумағына келген
шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа бірнеше рет қабылдауы, сол сияқты жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзуы –
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
396-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қайшы өзгерту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қайшы өзгерту мақсатында шекаралық белгiлердi алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою –
екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер –
төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
397-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану
Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен айырым белгiлерiн, сол сияқты Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл атауын заңсыз пайдалану –
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
398-бап. Байланыс желiлерi мен құрылыстарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу
1. Байланыс желiлерiн немесе байланыс құрылыстарын күзету қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет байланыстың үзiлуiне әкеп соқса немесе байланыстың үзілу қатерін төндірсе, –
сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Байланыс желiлерiн күзету қағидаларын қалааралық байланыстың кәбілдік желiсiнің бүлiнуiне немесе қалааралық байланыстың үзілуіне әкеп соққан бұзу –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарын басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу –
үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
399-бап. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану
1. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану –
екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
400-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу
Заңсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де заңсыз жария іс-шара ұйымдастыру, өткізу не оларға қатысу, сол сияқты үй-жай, байланыс құралдарын, жабдықтар, көлік беру арқылы осындай іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткізуге жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiрсе, –
екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
401-бап. Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау
Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, сол сияқты осындай жағдайларда ұйымның жұмысына кедергi жасау –
екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
402-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер
1. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға жария түрде немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған шақыру, сол сияқты жұмыскерлерді осы мақсатта параға сатып алу –
екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірген не жаппай тәртіпсіздікке әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
бес жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
403-бап. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы
1. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың заңды қызметiне кедергi жасауы немесе мемлекеттiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын иемденіп алуы, сол сияқты мемлекеттiк органдарда саяси партиялар ұйымдарын құру, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтірсе, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
404-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру, олардың қызметiне басшылық ету және қатысу
1. Қызметi азаматтарға зорлық-зомбылық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтiрумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуына немесе құқыққа қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауына түрткi болған дiни немесе қоғамдық бiрлестік құру немесе оған басшылық ету, сол сияқты дiни негiздегi партия не Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландырылатын саяси партия немесе кәсiптiк одақ құру немесе оған басшылық ету –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нәсiлдiк, ұлттық,
этностық, әлеуметтiк немесе дiни төзбеушiлiктi немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны iс жүзiнде іске асыратын, конституциялық
құрылыс негіздерін күштеп құлатуға, мемлекеттiң
ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтiруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға шақыратын қоғамдық бiрлестiк құру, сол сияқты осындай бiрлестiкке басшылық ету –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көрсетілген бiрлестiктердiң қызметiне белсенді түрде қатысу –
алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
405-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу
1. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiн ұйымдастыру –
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу –
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешiмi бар қоғамдық немесе дiни бiрлестiктің не өзге де ұйымның қызметіне қатысуды өз еркiмен тоқтатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-395/