427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Бас бостандығынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз жүріп-тұру құқығын пайдаланатын не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесiне
қайтып оралмауы –
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін сотталған адамның, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған сотталған адамдардың өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудан жалтаруы –
бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-427/