Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

428-бап. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбауы – үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты жазаны өтеудің белгіленген тәртібін (режимін) бұзу мақсатында өзіне қандай да бір қасақана зақым келтіруден көрінген топтасып бағынбауға қатысу не күш қолданумен ұштасқан немесе ауыр зардаптарға алып келген топтасып бағынбауға қатысу – бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚР Конституциялық Сотының 06.12.2023 № 37-НҚ нормативтік қаулысымен 428-бабының үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: «Өзіне қандай да бір қасақана зақым келтірумен ұштасатын, топтасып бағынбауға қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға, егер өзіне осындай зақым келтірудің мақсаты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін (режимін) бұзу болып табылса, жол беріледі.».